♦ О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 20.01.2023 жылы О.Тұрмағанбетұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Заманының заңғар биігі» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
♦ Конференцияның пленарлық отырысы қаламыздағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында өтті.
♦ Конференцияға Жаңаөзен қаласының әкімдігі, облыстық білім басқармасының басшылары, әлеуметтік серіктес мекеме басшылары, «Оразмағанбет» қорының мүшелері, ғалымның ағайын-туыстары, колледж оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
♦ Конференцияда Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Ү.Аймағамбетов, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д.Н.Жұмашова, Оразмағанбеттің өмір жолын, ғылыми еңбектерін зерттеп жүрген белгілі өлкетанушы Отыншы Көшбай, аудармашы Тобыш Нияз, журналист Мұратбай Жетекбай, ардагер-ұстаз Б.С.Алипбаева баяндама жасады. Ардагер-ұстаз Балқаев Тұрмамбет, ақын Қаржаубай Рейімбайұлы жырдан шашу шашты.
♦ «Оразмағанбет» қоры атынан бабамыздың еңбегін зерттеп жүрген ел ағаларына, Қызылсудағы мешіт үйін қалпына келтіруге үлес қосып жүрген мекеме басшыларына, қонақтарға «Оразмағанбетке 140 жыл» мерекелік төсбелгісін табыстады.
♦ Конференция барысында «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздары, колледж оқытушылары мен студенттері өнерлерін көрсетті.
♦ Конференция барысында «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздары, колледж оқытушылары мен студенттері өнерлерін көрсетті.
♦ «Заманының заңғар биігі» тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өскелең ұрпаққа берері мол, тағылымды шара болды.
Жарияланған күні: 25 қаңтар 202325 қаңтар 2023
♦ 20.01.2023 жылы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Батыс Қазақстан өңірінің және облыс колледждерімен бірлікте О.Тұрмағанбетұлының туғанына 140 жыл толуына орай «ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР БИІГІ»...
25 қаңтар 2023
♦ О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 20.01.2023 жылы О.Тұрмағанбетұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Заманының заңғар биігі» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. ♦ Конференцияның пленарлық отырысы...